Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда карантиндегі «Теңіз» кенішінің жұмысшылары үйлеріне босатыла бастады

AstanaTV
02.06.2020ж. 20:00
1708
Атырауда карантиндегі «Теңіз» кенішінің жұмысшылары үйлеріне босатыла бастады

Атырауда карантинде қалған «Теңіз» кенішінің жұмысшылары, біртіндеп үйлеріне босатыла бастады. Бұл туралы олардың өздері телефон арқылы хабарлады. Айтуларынша, бір айдан астам уақыттан бері бір бөлмеге бір адамнан қамағаннан басқа, ешқандай ем жүргізілмеген. Айта кетейін, өткен сенбіде: "қамалғаннан шаршағандарын" айтып, кеніштегі жұмысшылар бас көтерген еді.

Тордың бергі бетіндегі бұл адамдар - "Теңіз" кенішіндегі мердігер мекеменің жұмысшылары. Олар наурыз айында әр өңірден вахталық жұмысқа келген. Ал карантинге мамыр айының басында оқшауланыпты. Содан бері қамалып жатқан олар, шыдамдары шегіне жеткендерін айтып бас көтерді. Жұмысшылар үйлеріне босатуды талап етті. Сөздеріне сенсек, "қауіпті вирусты жұқтырдыңдар" деп, оқшаулағанымен, бір де бір құжатты көзбен көрмеген. 

Бірінші алған кезде положительный деп айтты. Ауызша айтты да, документальный ештеңе қолымызға ұстатқан жоқ. сосын контактныйлар деп бәрін қамап тастады. Сол күні обедтен кешке дейін айқай шығардық. Кешке таман бәрін отрицательный қып документтерін қолдарына ұстатты-дағы Атырау мен Оралды қайтарып жіберді.

Жексенбі күні өзге облыстан келген жұмысшыларды да ұшаққа отырғызып жіберді деді. Тордың арғы бетінде жүргендер кеніштің басшылары мен құқық қорғаушылар. Олардың арасынан бір де бір адамның вирус жұқтырмағаны жұмысшылардың күмәнін туғызған.

Ашуларын ашық жеткізген ызалы топтың жанайқайын «Теңізшевроил» компаниясы басшылығы жақсы түсінеміз деп отыр. Алайда бас санитарлық дәрігердің талабын орындау - ортақ міндет, - дейді.

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, «ТЕҢІЗШЕВРОИЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Көріп отырсыз ғой видеоны. Бәрі бір біріне жабысып тұр. Ал біздің айтып отырған, қақсап жатқан әлеуметтік қашықтық қайда? Егер де манағы талаптармен жүрмей, қайтадан санитарлық дәрігер өзінің предписаниесін беретін болса, ол мердігерлік компания болсын, болмаса жұмысшы болсын, олармен контарктаның бәрін үземіз. До свидания дейміз. Шынымызды айтамыз.

Айта кетейік, қауіпті індетті бір ғана "Теңіз" кенішінде жұқтырғандар саны 964-ке жетті.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Теңіз кеніші 6 мамырда карантиге жабылған еді. Содан бері өндіріс аумағынан 20 мыңнан астам жұмысшы шығарылыпты. Компания басшылығының айтуынша, кеніште әлі 14 мыңға жуық адам бар. "Теңіздегі" карантин 12 маусымға дейін ұзартылды. Жұмыстың қашан жанданатыны әзірге белгісіз. 

Б. Надирқызы