Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

AstanaTV
02.06.2020ж. 20:00
1792
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштер саны 7 есеге артты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Оның айтуынша, саяси ұйым осы күнде сайлауалды дайындық жүргізіп жатыр. Ол үшін 10 мың адамнан құралған кадрлық резерв жасақталған. Праймериз шартына сәйкес, әйелдер мен жастардың үлесі де ескерілген. Сонымен қатар, Бауыржан Байбек «Birgemiz» қоғамдық қорының қазіргі қызметі турасында баяндады. Оның дерегінше, 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек алған. 240 мың жанұяға қажетті азық-түлік жеткізіліпті. Ал, су тасқынынан зардап шеккен Мақтааралда қалпына келтіру жұмыстары үшін қордан 340 миллион теңге бөлінген.

А. Мүтәлі