Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясы Алматыдағы 200-ден астам нысанға тексеріс жүргізді

AstanaTV
02.06.2020ж. 20:00
1523
«Nur Otan» партиясы Алматыдағы 200-ден астам нысанға тексеріс жүргізді

Алматы қаласы Жетісу ауданындағы күрделі жөндеуден өткен балабақшаларда бірқатар кемшіліктер анықталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының аудандық филиал өкілдері жүргізген тексеріс кезінде белгілі болды. Партиялықтар құрылысы біткен 200-ден астам нысанды аралап көрді. Сонымен қатар жөндеу жұмысы аяқталмаған объектілердің де жұмысын қадағалады. Кейбір мердігер компаниялардың жұмысына сын айтты. Олардың арасында Жетісу ауданында орналасқан екі балабақша мен құрылысы аяқталмаған аллея бар. Шенділер жіберілген кемшіліктердің орны толтырылғанша мәселе партиялықтардың бақылауында болатынын жеткізді. 

Мұрат ОМАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыс барысында жаңа байқадық мына балабақшаларда жұмыс біткен. Бірақ бірталай кемшіліктер бар. Төселген төсеніштердің кішкене дұрыстау емес. Екінші жұмыс істеген мердігер жұмысшылардың айлығын алмаған. Жақында 20шы июньге шектеп отыр. Енді біраз срок бар.Айлық алғанша бақылауда болады.

Ә. Лесбек