$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордада 70 сауда орыны карантин режимін бұзған

AstanaTV
02.06.2020ж. 20:00
2213
Елордада 70 сауда орыны карантин режимін бұзған

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған 70 мекеме анықталды. Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бүгін 500-ге тарта нысанды аралап, санитарлық жағдайды тексерді.

Ережеге бағынбаған бірнеше кәсіпкерге ескерту жасалды. Санитарлық талаптарды сақтамаған мекемелер арасында, сауда орындары мен дәмханалар бар. Олқылықтарды жою үшін кәсіпкерлерге 3 күндік мерзім берілді. Талаптар уақытылы орындалмаса, нысандар жабылуы мүмкін.

Азамат РАШИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Біраз нысан жұмысын қайта бастады. Карантин жеңілдетілсе де, вирустың таралу қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан тексеруді жандандырдық. Тәртіпке атүсті қарайтындар көп. Оларға, сақтық шараларының маңыздылығын түсіндіріп жатырмыз. Ескерту жасалған нысандарды қайта тексердік. Кейбірі, олқылықтарды ретепті.

Ғ.Өтемісов