Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мақтааралдағы жаңа құрылыс сапасы сын көтермейді

AstanaTV
03.06.2020ж. 20:00
4059
Мақтааралдағы жаңа құрылыс сапасы сын көтермейді

Мақтааралда апаттан кейін құрылысы басталған үйлердің сапасы сын көтермейді. Редакциямызға хабарласқан аудан тұрғыны салынып жатқан жаңа үйге көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша, құрылыс материалдарының сапасы тым төмен. Пайдаланылатын кірпіш қолда үгітіледі. Бұл бір ғана мысал. Болашақ баспаналарының сапасына наразы тұрғындар жолдаған видеоға назар аударайық.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Аты-жөнін құпия қалдырғысы келген көрерменнің айтуынша, Мақтаралда салынып жатқан үйдің дені осындай күйде. Қаланған қабырғалар осы күні жарыла бастаған. Дәл осы мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Түркістан облысының атқамінерлеріне хабарласайық. Бізбен байланысқа Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов шығып отыр екен. Сәкен мырза, қайырлы кеш! Бейнероликті көрдіңіз. Мұны қалай түсінуге болады? Үйлер неге сапасыз құрылыс материалдарынан салынып жатыр?

Сәкен СҰЛТАНХАНОВ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Иә, өндіруші компания тарапынан мұндай қателік кеткені рас. Әрі арақашықтықты да айтпай кетуге болмайды. Бірақ, қазір жағдайды реттедік. Сапалы материалдар жеткізілді. Құрылыс жүріп жатыр.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Құрылыстың сапасына кім жауап береді? Әй дейтін әже, қой дейтін қожа кім?

Сәкен СҰЛТАНХАНОВ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үйлердің сапалы салынуы үшін біз, яғни жергілікті әкімдік жауаптымыз. Сондықтан біз кепіл бола аламыз. Барлық үйдің сапалы салынуын жіті қадағалайтын боламыз.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы. Сұхбатыңызға рақмет! Айта кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов. Біз де өз тарапымыздан бұл мәселені бақылауымызға алатын боламыз. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз!


Ғ.Өтемісов