$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Карантин талаптарына бағынбай, жол ережесін бұзған мектеп түлектері жауапқа тартылды

AstanaTV
04.06.2020ж. 20:00
2695
Карантин талаптарына бағынбай, жол ережесін бұзған мектеп түлектері жауапқа тартылды

Биыл карантинге байланысты мектеп түлектері үшін "Соңғы қоңырау" салтанаты болмады. Алайда кей өңірде түлектер заңға қайшы әрекеттерімен көзге түті. Олар карантинге бағынбағанымен қоймай, жол ережелерін де бұзып үлгерді. Жаңаөзенде мектеп бітірушілер көліктерді шығарып кортеж ұйымдастырса, Қарағандыда облыстық әкімдіктің бетон қоршауын көлікпен соғып тынды.

Мына кадрлар кешелі-бері әлеуметтік желіні жарды. Жаңаөзендік мектеп түлектері 16 көлікпен сап түзеп аттастат алғандарын атап өткен. Соңғы қоңыраудан кейін сауық құрғандардың арасында 18 жастағы бозбалалар да 25-тегі жігіттер де бар. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті, бүгін ережеге бағынбағандарды жауапқа тартқандарын хабарлады.

Өзін ақтап алғысы келген мына 17 жастағы қарағандылық та биылғы мектеп түлегі. Ол көлігімен облыстық әкімдік ғимаратының бетон қоршауына соғылыпты. Көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра достарымен серуендеуге шыққан. Тізгінге ие бола алмаған ол полиция келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Сақшылар оларды көліктің ішінде ұмытып кеткен түлектер лентасы арқылы тауып алды. Заңға селқос қараған мектеп түлегі 160 мың теңге айыппұл төлейтін болды.  

Ерлан АҚЫЛБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


18 ге толмаған. Жол оқиғасынан кейін ешқандай жарақаттанған жоқ. Жаңағы көлік өз атында. Жол оқиға бойынша 60 МРП төлейді. ЖКХ қандай шығынданды, соның бәрін төлейді.


Балалар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, айыппұл мен әкімдікке келген шығынды оның ата- анасы төлеуге міндеттелген.

А. Қуаш