Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елде коронавирустан тағы 4 адам көз жұмды

AstanaTV
04.06.2020ж. 20:00
2395
Елде коронавирустан тағы 4 адам көз жұмды

COVID-19 жұқтырғандардың 77 пайызы симптомсыз. Енді олар ауруханаға жатқызылмайды. Үйде дәрігерлердің бақылауына алынады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Жалпы республика бойынша індеттің құрбандары 48-ге жетті. Бүгін Атырауда екі науқас көз жұмды. Оның біреуі "Теңіз" кенішінің жұмысшысы. Бұдан бөлек өлім дерегі Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда да тіркелді. Елдегі ахуалды әріптесім Ғалымжан Өтемісов жеткізеді.

Вирус тағы да үстемдік орнатты. Қаза тапқандар Атырау облысы Жылыой ауданының 69 жастағы тұрғыны мен - «Теңіз» кен орнының 56 жастағы жұмысшысы. Дәрігерлердің айтуынша, екі науқас та бірден дәрігерге жүгінбеген.  Өздігінен ем қабылдау арқылы уақыт өткізіп алған. Қауіпті індет марқұмдардың бірінен 20-мамырда, екіншісінен 27 мамырда ғана анықталыпты. Ақ халаттылар ауыр халде ауруханаға түскен науқастарды ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады,- дейді.

Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Дене қызуы көтерілген, жөтел болған.  Диарея, іш өтуі, жүрек айнуы, өкпе тынысының демалысының нашарлауынан түскен. Екі бірдей науқас екеуі ренгенографияға түсіріліп, КТ аппаратына зерттеу жасап, содан екі өкпесінің полесигментарлы қабынуы пайда болып, өкпенің 50 пайызы жұмыс жасамайтын болды. Одан біздің Атырау облыстық №2 ауруханасының ИВЛ аппаратында екеуі де уақыт өтті.

Осы аптадан бастап симптомсыз науқастар станционарларға жатқызылмайтын болды. Олар дәрігерлердің бақылауымен үйлерінде болмақ. Министр Елжан Біртановтың айтуынша вирус жұқтырғандардың 77 пайызы симптомсыз. Тіркеуге алынғандардың барлығына мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек көрсетіледі деп отыр.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бұл медициналық көмек тек қана халықаралық әріптестермен ақылдасқан, ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген клиникалық хаттама арқылы өткізіледі. Бұл хаттаманы еліміздің ең белгілі медицина мамандары әзірлеп бекітті.


Елжан Біртанов COVID - 19 жұқтырушылар саны артқанымен карантин неліктен жеңілдетілгеніне де тоқталды. Ол қатаң шектеулер мәселені шешпейді, тек індеттің таралуын тежейді, - деді. Шектеуді қатаңдату тек күрделі кезеңде қабылданады, сондықтан әзірге мұндай шешімнің қажеттілігі жоқ деп отыр. Еске сала кетейік, елде COVID - 19 жұқтырғандар саны ел аумағында 12 мыңнан асты. Оның жартысы дертінен айықса, қайтыс болғандар саны 48-ге жетті.

Ғ.Өтемісов