Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстанда салалық журналистер тапшы, - А. Балаева

AstanaTV
05.06.2020ж. 20:00
2389
Қазақстанда салалық журналистер тапшы, - А. Балаева

Қазақстанда журналистерді даярлау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ саласын дамытуға арналған жиында айтты. Оның дерегінше елде экономика, медицина, қаржы салаларында жазуға машықтанған мамандар тапшы. Министр «мұндай тақырыптарды жазу кезінде журналистер қате жібереді», деді. Сондықтан, отандық ақпараттық кеңістікті 3 бағытта дамытуды көздеп отыр. Оның ішінде кадр даярлаудан бөлек, мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде де өзгерістер болмақ. Ведомство оның аймақтарда іске асырылуын бақылауды күшейтеді. Ал, жас мамандарды қолдау үшін гранттық бағдарламалар әзірленуде.

А. Мүтәлі