Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырауда газ құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен азаматтың біреуі қайтыс болды

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
2162
Атырауда газ құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен азаматтың біреуі қайтыс болды

Атырауда газ құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккен екі азаматтың бірі қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған екен. Марқұмның, газ тасымалдайтын көлік жүргізгені белгілі. Ол, Атырауда отбасымен уақытша үй жалдап тұрыпты. 34 жасар көлік жүргізушісінің артында төрт баласы мен жүкті әйелі қалды.

Бекболат ҚУАНЫШЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қанша дегенмен күйік аумағының дәрежесінің көптітіне байланысты, аумағының үлкендігіне байланысты 1986 жылы туған азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол күн жарымнан кейін, 6-сы күні кешке қарай көз жұмды өкінішке қарай.

Жарылыстан жарақаттанған тағы бір азаматтың денесі 40 пайызға күйіп қалыпты. «ПромГаз» мекемесінің жұмысшысы осы күнде жан сақтау бөлімінде емделіп жатыр. Ақ халаттылар, оның жағдайын "тұрақты ауыр" деп бағалады. Естеріңізге сала кетейін: өткен жұмада Атыраудағы Атамбаев көшесіндегі газ құю бекетінде жарылыс болып, 4 адам зардап шекті. Екі өрт сөндірушісі алғашқы көмек көрсетілген соң үйлерініне жіберілді.

Б. Надирқызы