Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорда қаласының тұрғындары піспе құдықтан су ішіп отыр

AstanaTV
09.06.2020ж. 20:00
2457
Қызылорда қаласының тұрғындары піспе құдықтан су ішіп отыр

Ауыз судың проблемасы қашан шешіледі? Қызылорда қаласы Әл-Фараби ауданының тұрғындары 20 жылға таяу уақыттан бері ауладағы құдықтан су ішіп келеді. Редакцияға хабарласқан көрерменнің айтуынша, ол судың өзі ішуге жарамсыз, ащы. Ал қыстың күні құдық мұз болып қатып қалатын көрінеді. 100-ге таяу халық тұратын Теректі көшесінің проблемасына жергілікті билік неліктен назар аудармайды? Шағымданған тұрғынның базынасына құлақ түрсек.

Ақмарал ИМБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Көшемізде ауыз су жоқ. Біз суымызды басқа краннан ішеміз әлі күнге уақытқа дейін. Жылда, жыл сайын әкімдікке барып арызымызды жазамыз. Бірақ су жүйесіндегілерменде сөйлескенбіз. Сол кезде "келесі көшеден өздеріңіз  тартып алыңыздар" деп сондай жауап берген тұғын. Ең болмағанда суымызды кіргізіп берсе екен деймін.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Қызылорда қаласының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен Қызылорда қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Қалдыбеков байланыста екен. Қайырлы кеш, Ержан мырза! Сіз тікелей эфирдесіз. Бұл көше қаланың өзінде орналасқан. Осы уақытқа дейін не үшін ауыз су құбыры тартылмаған? Тұрғындардың сөзінше, басқа көшелерде судан проблема жоқ.

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:


Айта кетсем, аталған ауданда бұған дейін бөлім тарапынан толықтай ауыз су жүйесі жүргізілген. Дегенмен аталған аудан жаңадан салынып жатқандықтан күннен-күнге соған сәйкес көше саны, үй саны да артуда. Соған байланысты Теректі көшесі алдыңғы жоба жасалған уақытта толықтай халықпен қамтылмағандықтан, тиісінше жобалық сметалық құжаттарға енгізілмей қалған.


Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Халықтың айтуы бойынша, 20 жыл асты деп тұр ғой енді су келмегелі. Біз суымызды әлі күнге дейін тасып жүрміз дейді. Бұл сонда қалай болғаны?

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:


Қазіргі таңда бөлім тарапынан Теректі көшесінің тұрғындарынан ешқандай арыз-шағым түспеуіне байланысты жолға ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Дегенмен бөлім тарапынан көшеге ауыз су құбырын жүргізу мақсатында инженерлік құжаттар мен жобалық құжаттар алдағы уақытта дайындалады.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нақтылап айтыңызшы, бұл мәселені қашан шешіп бере аласыздар?

Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

 
Халық саны толықтай қамтылып тұрған жағдайда жобаның жұмыстары жүргізіліп, үкіметке өтінімдер табысталады тиісті органға, мекемеге.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Уақытын айтып бере аласыз ба? Нақты мына уақытта шешіп береміз деп?


Ержан ҚАЛДЫБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м.а:

 
Уақыты жоба іздестіру жұмыстарын қажет етеді көшеге. Әзірге белгісіз.


Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен тікелей эфирде байланыста болған Қызылорда қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Қалдыбеков. Хабарласқан тұрғындардың мәселесін сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Бұл мәселені бізде өз бақылауымызға аламыз. {КАМ2 }Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр