Қиын жағдайда қалған отбасыларға нұротандықтар қол ұшын созады. Партия өкілдері олардың әлеуметтік мәселелерін шұғыл әрекет ету тобы арқылы шешуге ниетті. "Бақытты отбасы" партиялық жобаны жүзеге асЫрушы топ, бүгін Өскеменде бас қосты. Топ мүшелері отбасында зорлық көрген әйелдер мен балалардың мәселесімен айналыспақ. Шұғыл топтық құрамында психологтар, полицейлер, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметшілер бар. Осылайша нұротандықтар мемлекеттік қызмет пен халық арасына алтын көпір орнатып, арадағы мәселелерді шешуДі жолға қоймақ.
Олег ЧУГУНКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Көбіне қажетті шешімнің қабылдануы кешігіп жатады. Мемлекеттік органдар бір-бірімен келісіп, көмекке мұқтаж отбасыға көмектескенше, біраз уақыт өтіп кетеді. Бұл кезде олардың жағдайы өзгермейді. Сондықтан органаралық байланысты күшейтіп, нақты көмектің барынша тез жетуін көздеп отырмыз.
Шұғыл әрекет ету тобы бірінші болып аймақтағы Татьяна Немцованың отбасына көмектеспекші. Үш баласы бар ана қазір қалада шағын пәтерді жалдап тұрады. Отанасында тұрақты жұмыс жоқ. Біреудің есік-терезесін жуып, енді біреудің үйін тазартып, күнделікті нәпақасын табады. Партиялықтар ең алдымен бұл отбасыдағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастырмақ ниетте.
Е. Карин