Нотариустарда кәсіби қызметінен түскен кірістер мен жеке мүлік табысы арасына шектеу қойылмаған. Алматы қаласы нотариалдық палатасының төрайымы Қарагөз Қалабаева осылай деп мәлімдеді. Ал бұған дейін Кірістер департаменті нотариустар мен адвокаттар 6 миллион теңгенің салығын төлемеді деп мәлімдеген еді. Қарагөз Қалабаев бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Өйткені ішкі тексеру қорытындысына сай, палатадағы нотариустардың қырыққа жуығы осы уақытқа дейін заңды қызмет көрсетпегені анықталған. Ал, қалғандарының салық қарызы жеке мүлігіне тиісті болып шығыпты. Демек, бұл берешектің кәсіби нотариаттық қызметке еш қатысы жоқ, дейді Қарагөз Қалабаева.
Қарагөз Қалабаева, Алматы қаласы нотариалдық палатасының төрайымы:
Нотариустердің де, адвокаттардың да кәсіби қызметтен түскен табысы мен жеке мүлік кірісі арасында шектеу жоқ. Ал, салық мәселесіне келгенде осының ара-жігін ажыратып алу керек. Қызметтен түсетін табыс салығын қызметкер ретінде төлесе, жеке мүлкінің берешегін Қазақстанның азаматы ретінде төлеу жолы деген болады. Ал, біздің салада олардың айырмашылығы бөлінбеген. Оның үстіне, Алматыда нотариустардың аты-жөні жазылған тізім бар, бірақ тексерсеңіз, олардың осы уақытқа дейін мүлдем қызмет көрсетпегенін анықтайсыз.
Қарагөз Қалабаева, жалпы
заңгерлердің қаржылық қызметі ашық, деп отыр. Ал нотариустық қызметтер де
электронды және қағаз жүзінде де тіркеледі, дейді.