Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Екінші аукционда сатылмаған құрылысы аяқталмаған түрменің ғимараты 1 теңгеге сатылмайды - қаржы бөлімі

AstanaTV
29.09.2017ж. 20:00
2653
Екінші аукционда сатылмаған құрылысы аяқталмаған түрменің ғимараты 1 теңгеге сатылмайды - қаржы бөлімі

Аукицонға екінші мәрте қойылып, өтпей қалған құрылысы аяқталмаған түрменің ғимараты 1 теңгеге сатылмайды. Павлодар қалалық қаржы бөлімі берген ақпарға сәйкес, әзірге аукционның үшінші сатысының қандай талапта өткізілетіні белгісіз. Бірақ, қалай болған жағдайда да, қымбат нысанды су тегін бағаға саудалауға билік жол бермейді.

2004 жылы Павлодарда өмірбақи бас бостандығынан айрылғандарға арналған 1500 орындық колония құрылысы басталды. Алайда, араға төрт жыл салып қарқынды жұмыс тоқтатылады. Құрылыстың қаңтарылуына елімізде мұндай түрмеге сұраныстың жоқтығы себеп болған. Ақыры "сақалды" құрылыс қалалық әкімдіктің балансына беріледі. Жекешелендіру бағдарламасы аясында нысан бәсекеге қабілетті ортаға шығарылатын объектілер тізіміне енген. Оның бастапқы құны 4 млрд теңге деп бағаланады. Наурызда алғашқы сатылым ұйымдастырылып, сатып алушының болмауына байланысты аукцион өтпей қалған еді. Бүгін де сол жағдай қайталанды. Бағасы 1 млрд 900 млн деп белгіленген нысанға жаңа қожайын табылмады. 

Әлия Қажыбекова, Павлодар қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары:

Заң бойынша қала әкімдігі бұл сауда-саттықтың шартын қайта қарастыруға құқылы. Сондықтан бүгінгі күні әлі шешім шығарылған жоқ. Бұл объект өте қымбат. Өздеріңіз білесіздер, бағасы 3 млрд 800 млн теңге. Сондықтан, бұл объектіні 1 теңгеге өткізу дегенге біздің құқығымыз жоқ.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ