$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» праймериз өткізу мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты

AstanaTV
10.06.2020ж. 20:30
2264
«Nur Otan» праймериз өткізу мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты

«Nur Otan» праймериз өткізу мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты. Енді 8 800 080 44 41 тегін нөміріне хабарласып, праймеризге қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Мәселен партияішілік іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру талаптары, онлайн-оқуға қатысу және тағы басқа. Айта кетейік, өткен аптада «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойған болатын. Праймериздің негізгі мақсаты - алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін, бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау болып табылады.

Ә. Өмірзақ