Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістан облысының шаруасы субсидия ала алмай жүр

AstanaTV
11.06.2020ж. 20:00
3086
Түркістан облысының шаруасы субсидия ала алмай жүр

Түркістан облысының шаруалары субсидия ала алмай жүр. Арнамызға хабарласқан Амангелді Бердібайұлы мақта егумен айналысады. Сатқан мақтасынының әрбір тоннасына 12 мың шамасында субсидия беріліп келген. Бірақ желтоқсаннан бері бұдан қол үзген.  Облыстағы жауапты тұлғаларға хабарласқаныммен, жауап ала алмаған. Тындайық.

Амангелді ТАЛХЫН, ШАРУА:

Тоннасына 12 мың тг субсидия беретін. Беруді бастады да аудан бойынша 40-50 адамға берді де ақша жоқ деп тоқтатып қойды. 2020 жыл басталды, 1 квартал өтті бірақ әлі жоқ. Коронавирус болды әлі жоқ. Керек дүниелерді алу керек еді.

Біз осыған жауапты Түркістан облысы әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Плалов бар екен. Қайырлы кеш, Әлібек Абдыхалықұлы. Көрерменіміздің уәжін тыңдадыңыз. Субсидия неге ала алмай келеді?

Әлібек ПЛАЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда субсидия алу электронды түрде жүзеге асырылады. Әрбір тауар өндіруші өзінің жеке цифрлық қолтаңбасы арқылы өтінім тапсырады. Яғни былтыр ала алмай қалғандарға субсидия төлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізге тікелей эфирге қосылған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Плалов. Субсидия мәселесін жергілікті атқамінерлер шешеді деп сенеміз. Біз өз тарапымыздан берген уәденің орындалуына бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз.

Ә. Өмірзақ