$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Ертеңнен бастап Сенат депутаттығына үміткерлер ұсыныла бастайды

AstanaTV
12.06.2020ж. 20:00
1513
Ертеңнен бастап Сенат депутаттығына үміткерлер ұсыныла бастайды

Ертең Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссия мәлім етті. Комиссия төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, кандидат ұсыну процедурасы он жеті өңірде өтеді. Тіркеу 1 айға жалғасады. Ал дауыс беру 23-ші шілдеде аяқталады. Айта кетсем, сенат депутаттарының жартысы әр 6 жыл сайын қайта сайланып отырады. Орталық сайлау комиссиясы осы жылдың қазанында 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталатынын жеткізді.

Берік ИМАШЕВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тыңдаушылар -  мәслихат депутаттары сайлайды. Ал оларды республика азаматтары сайлады. Осылайша ел азаматтары өз өкілдері арқылы сенатты қалыптастыруға атсалысады.

Айта кетейік, Сенат сайлауын өткізу үшін ел қазынасынан 254 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Қаражат сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының жүріп-тұруы мен іс-сапарына жұмсалмақ. Сондай-ақ, сайлау учаскелерін дайындау мен БАҚ-қа материалдар жариялауға кететін шығындар да осы есептен алынбақ. Әр өңірге бөлетін сома сайлаушылар мен сенат депутаттығына кандидаттар санына байланысты болады.

А. Мүтәлі