Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыдағы бірнеше құрылыс нысандарында санитарлық талаптар сақталмаған

AstanaTV
12.06.2020ж. 20:00
1358
Алматыдағы бірнеше құрылыс нысандарында санитарлық талаптар сақталмаған

Алматыда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірнеше нысанда санитарлық талаптар сақталмаған. Бүгін «Nur Otan» партиясының қаладағы өкілдері, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс сапасына бақылау жүргізіп, біраз олқылықтарды анықтаған. Дәлірек айтқанда қаладағы нөмірі 121-ші білім беру мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізген, мердігерлер карантин талаптарына атүсті қараған. Оқу ғимаратындағы құрылыс жұмыстары осыдан екі апта бұрын басталыпты. Ал құрылысшылар медициналық маскасыз және қолғапсыз жүр. Партия мүшелері нысандарда дезинфекциялық сұйықтықтар да жоқ екендігін айтып, мердігерге ескерту жасады. Дәл осындай жағдай партиялықтар ат басын бұрған нөмірі 23-ші балабақшада тіркелді. Дегенмен жұмыс сапасын жоғары бағалады.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Келген кезде біз мына каратинді бұзғанын көрдік. Каратиндік бақылау өте төмен. Кіре-берісте температураны өлшейтін болу керек, маска беру керек, оны үш сағат ауыстырып тұру керек. Екіншіден, мына мектеппен құрылыстың арасы қоршалмаған. Ол да кемшілік.

Ә. Лесбек