$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Павлодарда 1 жарым жастағы бала 3 метрлік кәріз құдығына құлап кетті

AstanaTV
15.06.2020ж. 20:00
2591
Павлодарда 1 жарым жастағы бала 3 метрлік кәріз құдығына құлап кетті

Ал, Павлодар облысында 1 жарым жастағы баланы періштесі қақты. Қаладан келген бөбек тереңдігі 3 метр болатын кәріз құдығына құлап, аман қалды. Оқиға Аққулы ауданында болған. Балғын ойнап жүріп, көзден таса болған. Анасы мен үй иесі дереу іздеуге кірісіпті. Сол сәтте кәріз құдығындағы судың бетінде қалқып тұрғанын байқаған. Алайда баланы алып шығуға ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Үй иесі көмекке досын шақырған. 28 жастағы Қайрат Асылов кәріз құдығына түсіп баланы алып шыққан. Ол бұл ерлігін батырлық - деп санамайтынын айтады.

Қайрат АСЫЛОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Келгенде бала септиктің ішінде жатты ес-түссіз. Абылхай септиіктің ішіне түсіріп, мен баланы жоғарғыға қарай көтеріп жібердім. Абылайхан әрі қарай баланы алып кетті.

Ал, бала аудан орталығынан қалаға санавиациямен шұғыл жеткізіпті. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты ауыр дәрежеде деп бағалайды. Ауаның жетіспеушілігінен екі бірдей өкпесі қабынған деп отыр.

Біржан ДОСМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі жағдайы баланың тұрақты. Ауыр жағдайда. Қажетті барлық емін қабылдап жатыр.

Ө. Қуанар