Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясы саяси менеджмент мектебі праймериз аясында алғашқы вебинар өткізді

AstanaTV
15.06.2020ж. 20:00
2914
«Nur Otan» партиясы саяси менеджмент мектебі праймериз аясында алғашқы вебинар өткізді

«Nur Otan» партиясының саяси менеджмент мектебі, праймеризге қатысушыларға арнап алғашқы вебинар сабақ өткізді. Оған өңірлерден 400-ден аса азамат қатысты. Қатысушылар саясаттанушы Ермұхамет Ертісбаевтың "мықты саясаткер болу формуласы" жайында пікірін тындады. Тандаушылар тарапынан өте көп сұрақтар қойылды. Бұл- қоғамда праймеризге қызығушылықтың жоғары екенін көрсетке керек. Еске салайық, «Nur Otan» партиясы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында праймериз өткізеді. Мақсат - алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру, бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау. Тамыздың 7-не дейін, партияішілік іріктеуге қатысамын деген 4 мыңға жуық адамды оқыту көзделген.

Сәуле БАҚТЫМБЕТ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғашқы вебинар өте қызықты өтті. Қатысушылар ең алдымен өздеріне деген пайдалы ақпарат ала алды. Праймериз басталғанша мықты спикерлермен вебинарды жалғастырамыз. Қатысамын дегендер болса тұрғылықты мекен-жайы бойынша партия филиалына жүгінуі қажет. 

Ә. Өмірзақ