Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, - Л.Ақтаева

AstanaTV
16.06.2020ж. 20:00
2315
119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, - Л.Ақтаева

Ел аумағы бойынша коронавируспен сырқаттанған 119 науқас, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің қызметін уақытша атқарып отырған Ләззат Ақтаева айтты. Бүгін Қарағанды облысында тағы бір кәсіпорында жұқпаны жаппай жұқтырғандар белгілі болды. Хром және марганец рудаларын шығаратын «Қазмарганец» руда басқармасында вахтамен жұмыс істейтін 33 адамнан COVID- 19 анықталған. Аурудың жаппай өршуіне байланысты өндірістің жұмысы уақытша тоқтатылды. «Қазхром» компаниясының баспасөз қызметі бүгінде кәсіпорында санаулы адам ғана жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.

Виктория МАШКАРИНА, «ҚАЗХРОМ» ТҰК» АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Қазхром» компаниясы жұмыскерлер вахтаға кетердің алдында оларға жаппай ПЦР сараптамасын тапсыртқан болатын. Нәтижесінде оның 33-інде КВИ-дың барын көрсетті. Қазіргі таңда науқастармен қарым- қатынаста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Компания оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады. Кәсіпорын күшейтілген зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін 19- ына дейін жұмысын тоқтатты.

Өткен тәулікте 383 адам індетті жұқтырған. Жалпы науқастардың саны 15 мың 200-ге жуықтады. Бұдан бөлек, сандық мәліметке қосылмаған індеттің белгілері жоқ 5500-дей тасмалдаушы тіркелді. Кеселден 9500-ге тарта адам емделіп шықты. Өкінішке қарай, 81 адам кесел құрбаны болды.

А. Данияр