Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласы жоқ

AstanaTV
16.06.2020ж. 20:00
2398
Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласы жоқ

Ақтөбеде «Батыс Премиум» элиталы көпқабатты баспананың тұрғындары, қала әкіміне хат жолдады. Олар жарты жылдан бері аулаларын абатандыруға қол жеткізе алмай келеді. Айтуларынша құрылыстың жарнамасы жер жарған еді. Бірақ ұрандаған сөздер қағазда ғана қалды деп отыр. Атқамінерлер болса, мәселені шешуге асығар емес. Өйткені қаражат жоқ. 

Бұл - әу-баста жоспарланған тұрғын үйдің ауласы. Баспана берілгеніне жарты жыл өтсе де, аңғал-саңғал аулада тұруға мәжбүр. Тұрғын үй өткен жылдың күз айында тапсырылған. Ал ауланы абаттандыруға жауаптылар асығар емес. 

Абай ДУШМАНОВ, ТҰРҒЫН:

Біз төлеген ақшаға бойынша благоустроиство балалар алаңы барлығы болу керек. Біздікі премиум үй.

Марат ЫСҚАҚОВ, ТҰРҒЫН:

Элитный район Премиум класс үй рекламасы жақсы болды өте. Тұрған жері керемет соған қызығып алдық енді. Мынау болып жатқан жағдай осы.

Белгілі болғандай мердігер мекеме тұрғын үйді салған. Бірақ үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары басқа компанияға жүктелген. Тіпті қалалық әкімдік 2018 жылы арнайы тендер жариялапты.

Қарлығаш ОМАРОВА, «ЦЕНТР ГРУПП» КОМПАНИЯСЫ ЗАҢ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл үй тапсырылған уақытта нысанның абаттандырусыз және инженерлік жүйесіз тапсырылатыны актіде көрсетілді. Онда нақты айтылған. Біз мемлекеттік сараптамадан да солай өттік. Бұл шаралар қазына қаражатымен жасалуы тиіс болды.

Жергілікті шенділер жағдайға қанық. Олардың айтуынша сол уақытта қажетті қаражат бөлінбей қалып, бұл тұрғын үйдің абаттандыру жұмыстары кейінге қалдырылған.

Ерқанат ХАЙРЕДЕНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Енді қазіргі таңда біз бюджетке тапсырыс бердік. Қалалық маслихатқа ол ақшаны сәуір айында сұраттық. 84 миллионға ол заявка әлі ешкім қолдаған жоқ.


Нақтырақ айтсақ, ауланы абаттандыратын мекеме бар, бірақ қаржы жоқ. Оның қашан болатыны да белгісіз. Ал тұрғындар мәселелерінің тез арада шешілуін талап етіп қала әкіміне хат жолдады. Одан нәтиже болмаса, тіпті шенділермен соттасуға да дайын. 

Б. Рахметова