Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Жерасты суынан жапа шеккен «2 Павлодар» шағын аудан тұрғындарының мәселесі шешілетін болды

AstanaTV
16.06.2020ж. 20:00
1779
Жерасты суынан жапа шеккен «2 Павлодар» шағын аудан тұрғындарының мәселесі шешілетін болды

10 жылға жуық уақыт жерасты суынан жапа шеккен «2-ші Павлодар» шағын ауданы тұрғындарының мәселесі шешілетін болды. Көктем мен жаңбырлы күні жертөлесі суға толатын павлодарлықтар, ақпанда "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарына шағымданған болатын. Бауыржан Байбек мәселені шешуді партиялық бақылау комиссиясы бақылауына алуын тапсырды. Бүгін облыстық филиалда өткен жиында, бұл бағыттағы жұмыстардың жандана бастағанын хабарлады.

Айман ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір «2-ші Павлодар» шағын ауданының  мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Дренажды жүйенің екінші кезеңі іске қосылды. 15 көшенің аумағынан су сорғызылды. Қазіргі уақытта жалпы қала аумағынан жер асты су көздерін сорғызу бойынша жобалық-сметалық құжат жасалып жатыр. Жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады.

Бұдан бөлек, 30 жылға жуық уақыт пәтерде пеш жаққан Новочерноярка ауылының да түйткілі шешімін тапқаны айтылды. Ауылға биыл жылу қазандығы тартылып, осы жылы көпқабатты үйлер орталық жылуға қосылмақ. Қазір құрылыс жұмыстары қызған. Ал, Екібастұздағы тозығы жеткен «Алтынай» арнайы балабақшасынада күрделі жөндеу жұмыстары басталыпты.

Ө. Қуанар