Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау орталығы ашылды

AstanaTV
16.06.2020ж. 20:00
2410
Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау орталығы ашылды

Елордада "Бақытты шаңырақ" әлеуметтік орталығы ашылды. Мұнда ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға қолдау жасалмақ. Орталықта тігін ательесі, массаж, маникюр, шаштараз, полиграфия секілді 13 түрлі қызмет көрсетіледі. Яғни аналар осында жұмыс істеп, табыс таба алады. Ашылуына қолдау білдірген әкімдік ел астанасында мұндай аналардың саны 5 мыңнан асатынын айтады. Келешекте "Бақытты шаңырақ" орталығын көбейтуді көздеп отыр.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:


Бұл негізінен мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларды жұмыспен қамту үшін арнайы жасалып отырған дүние. Аналар өз жұмыстарын 6 бағыт бойынша жандандыра алады: кулинария, маникюр, шаштараз.

Ә. Өмірзақ