Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атыраудағы Доссор кенті тұрғындары енді теміржолдан еш алаңсыз өтеді

AstanaTV
17.06.2020ж. 20:00
3764
Атыраудағы Доссор кенті тұрғындары енді теміржолдан еш алаңсыз өтеді

Атырау облысы Доссор кенті тұрғындарының жылдар бойы шеше алмай келген мәселесі шешімін тапты. Кент пен шағын ауыл тұрғындары бір-біріне енді теміржолды өткел арқылы қатынайтын болды. Шойын жолдың бойынан жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынды. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, қыста өңірге барған сапарында Мақат ауданындағы бірнеше мәселенің шешілуін қадалғалауды партиялық бақылау комиссиясына жүктеген еді. Олардың орындалу барысы, келесі бейнематериалда.

Доссор кенті керегесін кеңейткелі, теміржолдан өту шағын ауыл тұрғындары үшін "бас ауруына" айналған ед і. Күніне 50 шақты пойыз жүретін шойын жолды кесіп өту, мектеп мен емханаға қатынайтындар үшін қауіпті болатын. 10 жылдан бері халық бұл мәселені шеше алмады. Биыл қаңтарда ауыл халқы өңірге жұм ыс сапарымен келген "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектен көмек сұраған болатын.

Роза ҮМБЕТОВА, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

"Нұр Отанның" бірінші орынбасары Байбек қарағаннан кейін халық үнін тыңдады. Көпірге қырғын ақша кетеді екен.  Ол пайдасыз екен деп.  Осы жолды салайық деді. Ақылдасып шешкен жұмыс келте болмайды.

Асылай ӘБУОВА, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үш балама алаңсыз отыратын болдым. Жол қауіпсіздігін жасап берді бізге. 

Енді осы теміржол өткелінен бастап Береке, Ынтымақ шағын ауылдарына автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары салынбақ. Тіпті көшелерге жарық тарту жоспарланып отыр. Қазір жобалардың сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ал мынау  партияның бақылаудағы ауылдық аурухананың жылу қазандығы. Тұрғындар енді ем қабылдауға келгенде өздерімен бірге электр пештерін әкелмейтін болды. Әлеуметтік нысанға қуаттылығы жоғары екі жылыту қазандығы орнатылған.

Мұрат ЕСМҰХАНОВ, ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қайта-қайта осы котел жөнінде көп айқай болды. Халық больницаға кіре алмайды. Іші мұздай. Егетін дәрісін қойнына тығып келеді. 

Бұдан соң бақылау комиссиясы «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының, «Қандыағаш-Мақат» учаскесіндегі  құрылыс жұмыстарымен танысты. Олар бұл аумақтағы жөндеу жұмыстарын биыл қара күзде аяқтамақ. Мұнан өзге, ауданда бой көтеріп жатқан "Жастар" сарайын, жоспарланған уақытында аяқтау қажеттігін ескертті.  

Нұрлыбек ОЖАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Арыз-шағымның артында адамның тағдыры жатыр, жанайқайы жатыр, оның әлеуметтік өзінің мұқтаждығы жатыр. Сондықтан біздер мейілінше азаматтардың жағдайына еніп, толығымен зерттеп, оның мүң-мұқтажын жабуға қызмет жасауымыз керек.

Дәл осы күні Мақат аудандық ауруханасына су жаңа жедел-жәрдем көлігі табысталды. Отыз мың халық тұратын ауданда бұған дейін бар-жоғы екі көлік қызмет көрсетіп келген еді.

Б. Надирқызы