$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде жедел пневмония дерті алты есеге өскен

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
3052
Ақтөбеде жедел пневмония дерті алты есеге өскен

Ақтөбеде жедел пневмония дерті өршіп, ауруға шалдыққандар алты есе өскен. Аурухана сырқаттанғандарға лық толған. Аймақ дәрігерлері дабыл қақты. Өйткені дәрігер аз, ал науқастар күн сайын көбейіп жатыр.

Светлана ЕСЕНАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Науқастар аурухананың дәліздерінде жатыр. Өйткені орын жоқ. Өткен түнде тек 4 дәрігер және денсаулық сақтау басқармасының бір маманы ғана қызмет жасады. Негізі жеті дәрігер кезекші болуы керек еді. Екі дәрігер жұмыстан бас тартқан.


Қазір емханалар мен басқа медициналық мекемелерден мамандар кеселмен күреске жұмылдырылуда. Кейбір перзентханалар мен орталықтарға қосымша керуеттер қою арқылы мәселені шешпекші. Мамандардың өздері дерттің өршу себебін түсінбей әлек. Науқастардың барлығы коронавирусқа тексерілген, сынамалар теріс нәтиже көрсетіпті. Өңірде бүгінде өкпе ауруынан сегіз адам көз жұмған.

Нұрсұлу БЕРКІМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қазіргі таңда пневмония өкпе ауруы сезонға жатпайтын нәрсе. Олардан да ПТР зерттеулар өтті. Олардың пневманияларының  жатқан аурулардың зертханалық нәтижелері теріс. Бірақта үлкен бір қауіп келтіріп отыр.

Б. Рақметова