Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әрбір әкім коронавирусқа қатысты жағдайды өз бақылауына алсын , - А.Мамин

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
2433
Әрбір әкім коронавирусқа қатысты жағдайды өз бақылауына алсын , - А.Мамин

Әрбір әкім коронавирусқа қатысты жағдайды өз бақылауында алсын. Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысында өңір басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, тест сынамаларымен қамтамасыз етуіді де міндеттеді. Елде індетке қарсы екпенің жайы қалай? Үкіметтегі жиынды әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады

Қорғаныс құралдары халық үшін қолжетімді болу керек. Оқшаулау режимінен шыққан Асқар Мамин, бүгін министрлерге бірқатар жедел шараларды ұйымдастыру керегін айтты. Коронавирус бойынша жағдайдың қиындауына байланысты, әрбір әкім ірі кәсіпорын жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс деді. 

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНСТРІ:


Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін 1 апта ішінде дайындауды тапсырамын.

Қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы әзірлеп жатқан вакциналары сынақтан сәтті өтуде. Білім және ғылым министрі осыны жеткізді. Оның айтуынша екпелер, биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттейтін институтта дайындалып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 мамырда отандық ғалымдардың еңбегін ресми тізімге енгізіпті. 5 кандидаттың ойлап тапқан емі қазір тышқандарға тәжірбиеден өтуде, әзірге кері әсері байқалмағанын айтады. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

10 маусым мен 23 маусымдарда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді және 2020 жылдың маусым шілде айларында әр түрлі жануарларға соның ішінде приматтарға егіліп, әрі қарай вакцинаның жалпы иммунагендігі зерттеліп қыркүйек айында кленикалық зерттеулерге көшу біздің жоспарымызда.

Үкімет отырысында Индустрия және инфақұрылымдық даму министрі де есеп берді. Ол жыл басынан дефицит болған медициналық бетперде мәселесі шешімін табатынын жеткізді. Бұдан бөлек шілдеден бастап Қазақстанда жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысы пайдалануға берілетінін айтты.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бүгінде 380 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты өндірілді, оның ішінде 164 бірлік жөнелтуге дайын, 216 бірлік зауыттық сынақтардан өтуде. Қалған 200 бірлік осы жылдың шілде айының соңына дейін тапсырылады.

COVID-19 жайлы бірер ақпарат. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгін індетті жұқтырудың 474 жағдайы тіркелді. Жалпы, республика бойынша науқастардың саны 16 мың 400-ге жуықтады. Статистикаға кірмейтін кеселді тасмалдаушылар 7 мың 600-ден асты. 105 науқас көз жұмды. 

А. Данияр