Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Brent маркасындағы мұнай бағасы $ 43 долларға көтерілді

AstanaTV
23.06.2020ж. 20:00
2591
Brent маркасындағы мұнай бағасы $ 43 долларға көтерілді

"Brent" маркасындағы мұнай бағасы барреліне 43 долларға көтерілді. Ал, WTI сұрпы болса барреліне 40 доллар 75 центке жеткен. Алайда бұл мұнай бағасы тұрақтады деген сөз емес. "Brent" мұнай соңғы рет маусымның 8-де, 43 долларға бір жетіп қайта құлаған болатын. Бүгінгі өсімді сарапшылар АҚШ-пен байланыстырады. Өйткені, америкалық мұнай компаниялары бұрғылау жұмыстарын көп төмендеткен. Baker Hughes кәсіпорыны деректеріне қарағанда АҚШ-та бұрғылау жұмыстары 72,6 пайызға азайған. Сөйтсе де әлемде мұнай өнімдеріне сұраныс болмай тұр. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын COVID-19 вирусының ушығуы алаңдатып отыр. Сауд Арабиясы да биыл қажылыққа келетіндерді кіргізбейтін болды. Королдік осындай шешім қабылдаған. Мекке осы күнде жабық тұр. Дегенмін королдік ішінде карантин режимі сәлде болса босады. Меккеден өзге қалаларда еркін жүруге болады. Соңғы деректерге сүйенсек Сауд Арабиясында COVID-19 дертіне шалдыққан 161 мың адам бар. 1 мың 307 науқас қаза болған. Еске сала кетейін, Ислам әлемінде үлкен қажылық биыл шілденің 29-да басталуы тиіс еді. Қазақ елінен өткен жылы Үлкен қажылыққа 3 мың адам барып қайтқан болатын.

Д. Мұхаммедкәрім