Алматы облысының ерікті жастары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Оған бөлек 12 адамға арнайы медальдар берілді. Белсенді жастар карантин кезінде әлеуеті аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеткен еді. Екі айға жалғасқан науқанда еріктілер қамқорлықты қажет ететіндерге азық-түлік себетін, дәрі-дәрмек, қорғаныш заттарын жеткізіп берді. Олар қаладан бөлек, аудандардағы жанұяларды да қамтыды. Марапатты облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев тапсырды.
Ләззат ТҰРЛАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін Елбасының алғыс хатымен аймақтың еріктілері және басқа да еңбегі сіңген жастар марапатталды. Оған қоса "Біз біргеміз!" онлайн форумы кезінде тағы 12 ерікті "Халық алғысы" медалімен марапатталады. Бұл халықтың жастарға деген құрметі.
Айта кетейік, Республикалық «Біз Біргеміз!» акциясы аясында Алматы облысы бойынша 24 мыңнан аса адамға көмек көрсетілген. Шамамен 253 млн. теңгеден аса қаражатқа азық-түлік, санитарлық жиынтық сатып алынып, мұқтаждарға таратылыпты.
А. Кемелжан