Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада пневмониясы асқынға науқастардың саны көбейді, - С.Қисықова

AstanaTV
25.06.2020ж. 20:00
2558
Елордада пневмониясы асқынға науқастардың саны көбейді, - С.Қисықова

Елордада пневмониямен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны күрт көбейген. Тәулік ішінде денсаулығына шағымданған 600-ден астам сырқат анықталыпты. Шаһардың бас дәрігері бүгін осындай мәліметтермен бөлісті. Қазір коронавирус және өкпенің қабынуымен астанада тіркелген 103 науқастың жағдайы ауыр.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

91 пайызының жағдайы орташа болса, қалған 9 пайызының жағдайы ауыр және өте ауыр. Олар бірден жансақтау бөліміне түседі. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастардың саны 3 есеге дейін өсті.


Алматыда да жағдайы ушығып тұр. "Індетті жұқтырғандардың көбісі 20-29 жас аралығындағы азаматтар",-  дейді Қамалжан Надыров. Тіпті, соңғы күндері жедел жәрдем шақыртушылардың саны 2 есеге өскен. Жұқпалы кеселді жұқтырып, емделіп шыққан басқарма басшысы өзінің қалай емделгенін айтып берді.

Қамалжан НАДЫРОВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Менде вирус классикалық сценарий бойынша ауыр дәрежеде өтті деп айтуға болады. Өкпем қабынды. Елордадағы стационарлардың бірінде 15 күн емделдім. Осы орайда өзінің міндетін адал атқарып жүрген әріптестеріме шын жүректен алғысымды айтқым келеді.

Жалпы, ел аумағында "тәж" вирусының таралуы бәсеңдемей тұр. Республика бойынша өткен тәулікте 520 адамнан кесел анықталған. Сонымен науқастардың жалпы саны: 19 мыңнан асты. Тағы 12 мың 600-і адам індет тасмалдаушы ретінде тіркелген. Ал, жазылып шыққандар 12 мыңнан асқан. 136 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, КВИ-дің өршуіне байланысты Маңғыстау облысында қосымша шектеу шаралары енгізіліп, блок-бекеттер қойылмақ.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қалалық сотының бірнеше қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтыруына байланысты, елордалық соттардың ғимараттары 24-маусымнан 3-шілдеге дейін карантинге жабылды. Әкімшілік істер, алдын-алу шараларын санкциялауға, қамауда ұстау мерзімін ұзартуға және кейбір шұғыл материалдарды қоспағанда, интернеттегі сот ісін жүргізу кейінге қалдырылды.

А. Данияр