$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыдағы Сайран көлінен қауіпті бактериялар анықталды

AstanaTV
25.06.2020ж. 20:00
2990
Алматыдағы Сайран көлінен қауіпті бактериялар анықталды

Алматыдағы Сайран көліне түсуге тиым салынды. Өйткені судан адам өміріне қауіпті бактериялар табылған. Жергілікті атқамінерлер тұрғындар көлге шомылатын болса түрлі инфекциялық аурулар жұқтырады деп ескертеді.

Мақсат БЕРДИЕВ, АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Кешегі сараптаманың қорытындысы нәтижиесінде вирустық инфекциялық бактериялардың 2 есе жоғарлығы анықталды. Соған байланысты уақытша жабуға шешім қабылдадық. Ол жерден ішек ауруларына, дизентерия, гепатит а, ауруларына шалдығуы мүмкін.


Осылай деген мамандар, тұрғындарды тіпті жағалау маңында да жүрмеуге шақырады. Карантиндік талаптарды да ұмытпаған жөн дейді. Әйтсе де демалыс орнындағы жұрт әзірге бейқам.

Зинаида СВИРИДОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Полицейлер мұнда жиі жүреді. Әсіресе кешкі уақытта. Мен өзім талай жылдан бері осы маңда тұрамын. Кей ата-аналар балаларын суға жіберіп қойып, емін-еркін жүре береді. Міне қазірде солай. Тәртіпке бағынатындар аз.

Бақытжан ӘКІШЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дұрыс қой қадағалау керек балаларды түспесе. Түссе де сақтанып түсу керек қой. Әрине сақтық шараларын сақтанған дұрыс.

Әкімдік суға түспеу туралы шешім бүгіннен бастап күшіне енгенін айтты. Бұл шешімді ескермегендер жазасыз қалмайтынын жеткізді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. 

Ә. Лесбек