Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылған

AstanaTV
25.06.2020ж. 20:00
2599
Сенат депутаттығына 88 үміткер ұсынылған

Сенат депутаттығына бүгінгі күнге дейін 88 үміткер ұсынылған. Әзірге әр орынға бес адам таласқа түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында белгілі болды. Комиссия төрағасы үміткерлерді ұсыну шілденің 12-іне дейін жалғасатынын айтты. Сондай-ақ жиын барысында үміткерлерге БАҚ-қа өз бағдарламаларымен шығу тәртібі түсіндірілді. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина әр кандидаттың үгіт-насихатқа кететін шығынын өтеуге 450 мың теңгеден бөлінетінін жеткізді. Бұл қаражатқа үміткер мерзімді баспаларда мақала жариялаудан бастап, көлік шығындарына кететін ақша да есептелген,-деді.

Сәбила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы жариялы іс-шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға арналған шығыстары мен көлік шығыстары Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде өтеледі.

Ғ.Өтемісов