Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыда коронавирусқа шалдыққандар ауруханаларға сыймай жатыр

AstanaTV
26.06.2020ж. 20:00
2934
Қарағандыда коронавирусқа шалдыққандар ауруханаларға сыймай жатыр

Қарағандыда коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге медициналық университет оқытушылары тартылды. Оқу орнында науқастарды емдейтін инфекциялық стационар ашылды. 200 орындық мекеме университеттің 3- інші жатақханасында жұмыс істейді. Қазір студенттер оқымайтындықтан нысан бос тұрған. Енді мұнда КОВИД- 19 анықталған науқастар ғана емделеді. Облыста аталған дертті жұқтырғандар ауруханаларға сыймай жатқандықтан, осындай мекеме ашуға тура келген.

Бақыт КӨШЕРОВА, ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Стационар жетекшісі, дәрігерлер олар-  біздің университет оқытушылары, ауруханаларда тәжірибелері бар. Сонымен бірге біздің резиденттер сертификаты бар мамандар мен мейірбикелер де жұмыс істейді. Санитарлар ретінде жоғарғы курс студенттерін тартып отырмыз. Олардың барлығы қорғаныс киімдермен, ал стационар тиісті дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Дәрігерлердің айтуынша қазірдің өзінде университет стационарына науқастар түсе бастаған. Айта кетейік медицина университетінде бұдан бұрын да екі провизорлық және бір карантиндік стационар ашылған болатын. Жалпы аймақта 2 мыңнан астам науқас індет белгілерімен тіркелген. Сонымен бірге тұмау мен өкпеге суық тию де көбейіпті. Науқастар аймақтағы 10-ға жуық емдеу мекемесіне жатқызылған. 

А. Қуаш