$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы міндеттемелерінің барлығын дерлік орындады

AstanaTV
26.06.2020ж. 20:00
1874
«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы міндеттемелерінің барлығын дерлік орындады

«Nur Otan» партиясы сайлауалды тұғырнамасының барлығын дерлік орындады. Бүгін Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы өткізген бейнеконференция қатысушылары осындай қорытындыға келді. Олар мұның бәрі депутаттық корпустың нәтижелі жұмысының арқасы деп отыр. Халық қалаулылары тиісті заң жобаларын дер кезінде қабылдаған. Жоспарланған 111 тармақтың бүгінде 90 пайызы іске асқан. Атап айтқанда, төменгі палата депутаттары ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтырып, ел тұрғындарын баспанамен қамту мәселелерін жиі көтереді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде де ашықтықты талап етіп, жылдар бойы қордаланған түйіткілдердің шешілуіне ықпал етті. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген өзге де міндеттемелердің орындалуы депутаттардың да, Үкіметтің де тұрақты бақылауында болмақ. 

А. Мүтәлі