Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
5049
Карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін

Елімізде қатаң карантин шаралары оралуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін короновирусқа қарсы шараларды қабылдау жөніндегі кеңесте осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссияға ұсыныстар беру үшін 2 күн уақыт берді. Қатаң шаралар наурыз-мамыр айындағы шектеулерге ұқсас болуы тиіс ,деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ресурстарды бөлу кезінде мемлекеттік комиссияға бақылауды барынша күшейтуді тапсырды. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар бойынша менің бірқатар тапсырмаларым аяқсыз қалды. Мен сіздерге бірнеше рет ескерттім. Біз қазір соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мұндағы талап-ереже мүлдем басқа. Бұл сіздерге фестиваль немесе форумдардарды өткізу емес. Басқарудың мүлдем басқа стиліне көшуіміз қажет. 

Жиын барысында Президент жұмысын шала орындаған бірқатар шенеунікке сөгіс жариялады. Жұмысына салғырт қараған шенеуніктер арасында, Шымкент қаласы мен Ақтөбе және Павлодар облысың әкімі сондай ақ Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бар. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдері мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ескерту алды. Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне ахуалды реттеу керек, деген тапсырма берілді. Мемлекет басшысы бұл шараның барлық облыс басшыларына қатысты екенін қадап айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда.


Сонымен қатар, Президент Үкіметке COVID-19-ды анықтайтын зертханаларды көбейтіуді, және олардың қабылдау уақытын созуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті, шұғыл шаралар қабылдауға және ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайын болуға шақырды. Осыған байланысты отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде ұлттық жоспар әзірлеуді тапсырды.  Сөз соңында ел тұрғындарын дүрбелеңге бой алдырмай, денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің талаптары мен кеңестеріне құлақ асуды сұрады.

А. Мүтәлі