Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда карантин кезінде той жасамақ болғандар жауапқа тартылды

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
2698
Алматыда карантин кезінде той жасамақ болғандар жауапқа тартылды

Карантин режимі бойынша Алматыда 5 мыңнан аса нысан тексерілді. Заң бұзғандардың арасында - 100 адам шақырылған үйлену тойы бар. Ережеге бағынбаған мейрамхана қызметі тоқтатылып, кәсіпкердің ісі сотқа жолданды. Санитарлық талапты орындамағандар арасында дүкендер де бар. Бір апта бойы жүрген санитарлық тексеріс кезінде 642 нысанның қызметіне шектеу қойылып, жүзден аса әкімшілік хаттама толтырылды. Бұлардың дені маскалық режимді сақтамаған. Ережеге бағынбаған кәсіпкерлер арасында термометр қарастырмаған және санитарлық құралдар қоймағандар да бар.

А. Кемелжан