Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан облысында шу шығарған автокортеж жауапқа тартылды

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
2238
Түркістан облысында  шу шығарған автокортеж жауапқа тартылды

Қаздай тізілген автокортеж Түркістанда шу шығарып ғаламтор жұлдызына айналды. Әлеуметтік желі арқылы тараған мына видео көп кешікпей тәртіп сақшыларының да назарын аударды. Көлік терезесінен қылтиып қышқырған жастардың шымкенттік студенттер екені белгілі болды. Олар, Төлеби ауданы Алғабас асуы арқылы Қазығұрт ауданына бара жатқан көрінеді. Ғаламтор арқылы аты шыққан жастардың бәрі ұсталды.

Ерасыл МАМЫТ:

Алғабас трассасында перевалында нарушение жасадым. Өз кінәмді мойындаймын. Ендігіде қайталанбайды.

Сухраб ТУРСУМЕТОВ:

Нарушение жасадым гулянкада. Сол бойынша кешірім сұраймын. Екінші қайталанбайды.

Осы жағдайдан кейін, кортежде жүрген екі автокөлік айып тұрағына қойылды. Көлік иелері әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

А. Төребекқызы