Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қосшы кентідегі тұрғын үйдің төменгі қабатын су басты

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
2426
Қосшы кентідегі тұрғын үйдің төменгі қабатын су басты

Нұр-Сұлтанның іргесінде тұрған Қосшы кентінде тағы шу. Тұрғын үй кешенінің бірінде төменгі қабатты лас су басты. Тұрғындар пәтер иелері кооперативіне айып тағып отыр. Өйткені, нәліз бұл үйде бірінші рет атқылап жатқан жоқ.

Әжетханадан көтерілген су үйдің төменгі қабатын тұтастай басып қалыпты. Бізге хабарласқан тұрғынның айтуынша, лас су ісі қабырға сіңіп кеткен. Қалдық судан шаршаған жұрт қайда барарын білмей дал болды. Жергілікті әкімдіктің де табалдырығын тоздырып болыпты.

Мырзагүл ЖАНАНОВА, ТҰРҒЫН:

Сасып жатыр. Боқ, сідік соның бәрі біздің үйде болды. Су ванный, унитаз, раковина соның бәрінен ақты. Бүкіл үйді затопила.

«Академия» тұрғын үйі 2015 жылы қолданысқа берілген. Тапсырылғанына төрт ақ жыл болса да үйдің қабырғасы көгеріп болыпты. Тұрғындардың айтуынша, мұнда кәріздік құбыр дұрыс тартылмаған. Апат мұнда жылына бірнеше рет болып тұрады.

Эльшан АЛИЕВ, ТҰРҒЫН:

Кәріз құбырындағы трубалар судан төмен орнатылған. Жауын жауып, су көбейгенде жиналған су кері кетеді. Осының кесірінен төменгі қабатты су басты. Мұны шешу үшін арнайы клапандар орнату қажет.

Үйдегі жағдайды пәтер иелері кооперативі жақсы біледі. Олар, апатқа кәріздік сорғы станциясынан кеткен ақау себеп болғанын айтып отыр.

Ғайни МҰХТАРОВА, ИП «БЕКЕНОВА» ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КОПЕРАТИВІНІҢ ӨКІЛІ:

Өз тарапымыздан барлық қажетті жұмыстарды істейміз. Суды тартқыздық. Енді жиналған қалдықтарды тазартамыз. Одан кейін тұрғындармен алдағы жасайтын іс-әрекеттерді ақылдасамыз.

Құрылысқа жауапты мердігер компания өкілдері де барынша көмектесеміз деп отыр. «Нұрай-Строй» серіктестігінің басшысы бір апта ішінде кәріз құбырына арнайы клапан орнатамыз, деп сендірді.

Ғ.Өтемісов