Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда иесіз жүрген мал кесірінен жол апаты көбейді

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
3191
Павлодарда иесіз жүрген мал кесірінен жол апаты көбейді
Павлодарда иесіз жүрген төрт түлік жол апатына себепкер болып жатыр. Керекулік полиция бүгін дабыл қақты.

Қаңғыған малдың кесірінен жол апаты жиілеп кетті. Қайғылы апаттар да аз емес. Өткен жылы бір жылқының кесірінен тұтастай бір отбасы қара жамылып қалды. Түн ортасында болған апаттан ерлі зайыпты қаза болған. Келіншегі жүкті болыпты. Дәрігерлер кесар отасын жасап іштегі баланы аман алып қалды.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Есіңізде болсын, мал жолдан қалай дұрыс өту керектігін білмейді. Ал сынған, қираған көлік үшін мал иесі жауапты. Сондықтан құрметті мал ұстаушы тұрғындар сіздерден төрт түліктеріңізді қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз! Иесіз мал - адам өміріне қауіп төндіруі бек мүмкін.


Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қараусыз қалған 5 мың бас малды айып тұрағына қамаған. Малына ие бола алмаған 131 адамға 5 АЕК тұрінде айыппұл салынды.

Ө. Қуанар