$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бірнеше шенеунік әйелдерінің шаруа қожалығына жер телімін алып берген

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
3651
Бірнеше шенеунік әйелдерінің шаруа қожалығына жер телімін алып берген

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының шенеуніктері әйелдеріне тиесілі шаруа қожалықтарға жер телімін алып берген. Мұны облыстық прокуратура анықтап отыр. Ресми таратылған деректерге сенсек заңсыздыққа жол берген шенеуніктер арасында. Аудан әкімінің орынбасары және жер қатынастары бөлімінің басшысы бар. Олар, қызметіне лайық емес деп танылып, сөгіс алды. Әйелдеріне жер таратқан атқамінерлер жер комиссиясы құрамында болыпты. Әкім орынбасары осылайша 2400 гектар жерді иеленген. Шенеуніктер былығы дәлелденгенімен жер телімдері мемлекет меншігіне әлі қайтарылмады.

Е. Карин