Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жамбыл облысында жүк пойызы апатқа ұшырады

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
3107
Жамбыл облысында  жүк пойызы апатқа ұшырады

Жамбыл облысында жүк пойызы апатқа ұшырады. Шоқпар станциясында жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып қалып, алапат өрт болды. Бір цистернада 60 тонна бензиннен болған.

Жүк пойызы «Алматы- Ақтоғай» бағытымен жүріп бара жатқан. Апат түнгі екі шамасында болыпты. Аударылған цистерналардан биіктігі 10 метрге жететін алау пайда болды, дейді ауыл тұрғындары. Өрт жақын маңдағы елд мекендерне қауп төндірген. Мамандар өртпен 4 сағат алысып таңға жуық әрең өшіріпті. Оттан қауіптенген ауыл тұрғындары үйлеріне таңға жуық қана оралды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алайда, апаттан темір жолдың 75 метрлік релсі зақымдалды. Осының салдарынан 10 жолашуы пойызы орта жолда тұрып қалды. Материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр.

Руслан ШАРИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 
Өрт сағат 4:49 оқшауланды және 5:20 да толықтай жойылды. Таңғы сағат 6 да тұрғындар өз үйлеріне қайтарылды. Оқиға салдарынан 10 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылды.

Б. Жұмабай