Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрғынның қордаланған қарызы төленді

AstanaTV
30.06.2020ж. 20:00
1877
«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрғынның қордаланған қарызы төленді

Бөрібаевтар отбасының Бирюков ауылында жалдамалы үйде тұрып жатқанына 3 жылдан асқан. Көп балалы отбасының қарызы қордаланып қалыпты. Тек көгілдір отынға жарты миллион теңгелік берешегі бар. Амалы таусылған ауыл тұрғыны  «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрады.

Бақытгүл БӨРІБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Көзіме жас алып жылағым келеді. Өйткені үш жыл бойы басқа жерде жүрдім осылай балаларымның соңында. Мың да бір алғыс көмек берген кісілерге. Елбасымыз айтқандай біргеміз деп қол созып,көмектесіп біргеміз деп жатқанына мың да бір рахмет.

«Nur Otan» партиясы қол ұшын созды. Қордаланған қарызды облыстық мәслихат депутаты Ескендір Қайыпжанов толық жауып берген.

Ескендір ҚАЙЫПЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы және «ҚазТрансгазАймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиал өкілдерімен бірлесіп көпбалалы анамен кездесіп, тұрғынның түйткіліне көз жеткіздік. Қазіргі таңда Бақытгүл Бөрібаеваның өтініші жүз пайыз орындалды.

Көптен бері қаңырап бос қалған көпбалалы отбасының үйіне көгілдір отынмен бірге жылулық, береке кіргендей. Баспанада газ, отбасы мәз. Жалпы, жыл басынан бері Тобыл өңірінде тоғыз мыңнан астам адам «Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлмесіне  жүгініпті. Тұрғындар түйткілінің  59 пайызы оң шешімін тапқан. Қалғандарына консультативтік көмек көрсетілді.

З. Санай