Оралда апатты жағдайда тұрған екі үй тұрғындары жаңа үйге көшірілді. Еске сала кетейін, өткен жылы тозығы жеткен екі үй тұрғындары “Nur Otan” партиясынан араша сұраған еді. Сол кезде Батыс Қазақстан облысында іс сапармен жүрген партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, саяси ұйым бұл мәселеге барынша күш салатынын айтқан. Уәде орындалды. 24 отбасы қоныс тойын тойлап отыр.
Апатты жағдайда тұрған үй тұрғындары 9 қабатты жаңа үйге көшірілді. 90 пәтерлі үйде қажетті жағдай жасалған. Балаларға арналған су жаңа ойын алаңы да бар. Жаңа үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынған. Яғни, құрылыс компаниясы тозығы жеткен үйдің орнына жаңа үй салады. Ескі үй тұрғындары тегін пәтер алады. Мердігер қалған баспананы сатып, шығынын жабады. Бұл бағдарлама әзірге Батыс Қазақстан облысында ғана жұмыс істеп тұр.
Мұрат МҰҚАЕВ, “NUR OTAN” ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
"Бақытты отбасы" жобасының аясында жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында жасалған үй. Болашақта 24 пәтерден бөлек, бұл жерде тағы да жоспарда 70-тің үстінде пәтер көшіру жоспарда. Яғни, бұл тек қана осы екі үймен шектелмейді. Алдағы уақытта тағы да 477 пәтердің құрылысы жоспарланып жатыр.
Е. Карин