Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясы қатарын тазартты

AstanaTV
01.07.2020ж. 20:00
2851
«Nur Otan» партиясы қатарын тазартты

Жұмысына салғырттық танытқандарға "Nur Otan" партиясы қатарынан орын жоқ. Жауаптылық - саяси ұйымның басты бағыттарының бірі. Жыл басынан бері жұмысына жауапкершілік танытпаған 6 адам партия қатарынан шығарылып отыр. Солардың бірі «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бұрыңғы орынбасары Санжар Боқаев. Бұл шешім партияның онлайн кеңесі кезінде қабылданып отыр.

Санжар Боқаевтың саяси ұйым қатарынан қуылуына оның ғаламтордағы жазбалары себеп болған. Ол, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып, Үкіметті сынаған болыпты. Бұл партия беделіне нұқсан келтірген.

Борис ЖАПАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛСЫ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер азамат партия заңын мойындамайтын болса, партияның алға қойған мақсаттарын бөліспейтін болса, ол мақсатта партиялас әріптестерімен бірігіп еңбек етпейтін болса, онда ондай адамның партияға қажет жоқ, деп ойлаймын.

А. Кемелжан