Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматылық 70-тен аса еріктінің карантин кезіндегі еңбегі еленді

AstanaTV
03.07.2020ж. 20:00
2796
Алматылық 70-тен аса еріктінің карантин кезіндегі еңбегі еленді

Алматылық 70-тен аса еріктінің карантин кезіндегі еңбегі еленді. Белсенділерге қалалық «Jas Otan» жастар қанаты Елбасының қолтаңбасы қойылған арнайы сыйлықтар табыстады. Шара барысында олардың төтенше жағдай кезінде атқарған жұмыстары айтылды. Дәлірек айтсақ, еріктілер жалғызбасты және тұрмысы төмен жанұяларға, сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға талай көмек қолын созған. Тұрғындарға азық-түлік себеті мен бетперделер жеткізіп отырған. Белсенді жастар өз кезегінде еңбектерінің елеусіз қалмағанына ризашылықтарын білдірді.

Мәди АХМЕТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы өз үлесін қосып жүрген белсенді 70 тен астам азаматқа Алматы қаласы бойынша осы арнайы естелік сыйларды бүгін табыстайтын боламыз. Одан бөлек, Алматы қаласында еңбек еткен 250-ден астам волонтер Елбасының алғыс хатымен марапатталып жатыр. Бұл біздің волонтерларға жалпы жастарға үлкен мотивация, сенім. Сонымен қатар тегін жасаған жұмысының еленгені.

Ә. Лесбек