Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда базарлар жұмыс істеп тұр

AstanaTV
07.07.2020ж. 20:00
6621
Алматыда базарлар жұмыс істеп тұр

Алматыдағы базарлар карантинге қарамастан жұмысын жалғастыруда. Барахолка атанып кеткен қаладағы ең үлкен базардың бір бөлігі жабық. Алайда, жартысы жергілікті биліктің рұқсатымен саудасын жалғастыруда. Базар әкімшілігі болса, "Төбесі жабық болғанымен бұл сауда орталығы санатына жатпайды, сондықтан рұқсат алдық", дейді.

Базарлардың санаты мен рұқсаты туралы Жетісу ауданы басшылығы жауап бере алмады. Терезеден басын шығарған маман, "Әкімдік карантинге жабылған", деп бізді шығарып салды.

Барахолкадағы сегіз базар Алатау ауданына қарасты көрінеді. Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде, қайта жаңғыртылған базарлардың карантинге жабылғанын айтты. Алайда, төбесі жабық ескі базарлар - ашық базар санатына жататын көрінеді.

Жеңіс САДЫРХАНОВ, АЛМАТЫ Қ. АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Модернизациядан толық өткен базарлар жұмыс жасамайды. Неге десеңіз олар - жабық базар. Олардың ауасы, жел соғу қамтамасыз етілмегендіктен жұмысы тоқтатылған. 12 мобильды  топ құрылған. Күнделікті жұмыс жасауын қадағалап отыр.


Әкімдіктер айтқан стандарттарға нақты қай базар бағынышты екені белгісіз. Бір білетініміз, төбесі ашығының да жабығының да саудасы қызып тұр.

А. Кемелжан