Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дәрі-дәрмек бағасын көтерген 46 саудагер ұсталды

AstanaTV
07.07.2020ж. 20:00
4053
Дәрі-дәрмек бағасын көтерген 46 саудагер ұсталды

Пандемияны пайдаланып қалтасын қалыңдатқысы келген саудагерлер ұсталды. Ішкі Істер Министрлігі жүргізген рейд кезінде дәрі-дәрмек бағасын әтейі көтерген 46 алыпсатар анықталып отыр. Бұл бір күн ішінде тіркелген жағдай. Келтірілген деректерге қарағанда, олар препараттарды жай ғана қымбатқа емес түбіртексіз сатқан. Бұл жағдайға дәрігерлерді де алаңдаулы.

Асқарбек ҚАМБАРБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ:


Қазір барып, жағамды ұстап келдім. Масқара! «Дексаметазонның» бір ампуласын 1600 теңгеден сатып отыр. Бір пачкадағы 25 штугы 2 мың теңгедей тұратын. Сонда неше есе қосып сатып отыр?! 25 штугы 1600-ден болғанда, 40 мың теңге болайын деп тұр…


Дәрі-дәрмек нарығындағы жағдай туралы жуырда Мемлекет басшысы да айтқан. Қасым-Жомарт Тоқаев, бағаны көтергендерді жауапқа тарту керек, деп тапсырма берді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Кешелі бері еліміздің бірқатар өңірінде жедел тексеру рейдтік шаралары жүргізілді. Бағаны көтерген саудагерлерден 2600 қаптама глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы және 654 қаптама парацетамол тәркіленді.


Дәрі-дәрмек бағасы еліміздің барлық аймақтарында қадағалана бастады. Алыпсатарлар бірнеше қаладан ұсталды. Олар бағаны 4-5 есеге көтерген. Мысалы, кезінде 85 теңге тұрған парацетамол 500 теңгеден сатылыпты. Бұл саудагерлер Павлодарда ұсталды.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Кешенің өзінде Павлодар облысы бойынша төрт жағдай тіркелді.Кейбірі 150-200 теңге тұратын препараттарды 700 теңгеге сатқан. Бұл іс Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес қаралып жатыр.

Алыпастарларға 2 миллион 778 000 теңгеге дейін айыппұл салыну мүмкін. Құқық бұзушылық Атырауда да бар. Мұнда, жәй алыпсатарлар ғана емес косметологиялық клиникалар да дәрі-дәрмек саудасына кіріскен. Соның бірі 500 түрлі препаратты қымбатқа сатып жүріпті. Ал, Шымкент саудагерлерлі болса тегін таратылатын дәрілерді де саудаға шығарып жіберген. Арасында ел аумағына заңсыз кіргендері де бар. 

Ернар АЛТАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


ҚР-да медицинасында тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар «Депакин», «Метрорексад» және тағы басқалар. Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және  сақталу талаптарын өрескел бұзып  тұрғаны анықталды, яғни дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екенін түсіндірді.

Қарағанды алыпсатарлары да қалысатын емес. 37 жастағы тұрғын лидокаинның бір қорабын 1000 теңгеден, Зитмак 500 препаратын 4300-ден, Ал, ЦЕФ-3-тің бір ампуласын 1800 теңгегеден сатқан. Бұл нарықтағы бағадан 5-10 есеге дейін қымбат.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Қазір елімізде осындай жолмен дәрі саудасына кіріскен бірқатар азаматтарды анықтау шаралары жаппай жүргізіліп жатыр. Алыпсатарлардың бұл әрекеті қоғамда дүрбелең тудырған. Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайға тап болған тұрғындар «102» немесе «112» телефондарына қоңырау шалып хабарлауды өтініп отыр.


Ә. Лесбек