Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ана сотталды

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен көкек ана сотталды

Жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырып кеткен тасжүрек ана 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектелді. Қостанай соты бүгін осындай үкім шығарды. Сот, жиырма жеті жастағы келіншектің екі жасөпірім баласы бар екенін ескеріп отыр. Көкек ана болса, "Шақалақ өлі туылды деп ойладым", деп ақталып отыр.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа туған сәбиге жедел медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, ол көмекке жүгінбеді.Соның салдарынан бала көз жұмды.Сәбиге суық тиген. Сот оның әрекеттерін қылмыстық кодекстің 104 бабы бірінші бөлігі бойынша дәрежелеген.


Еске салайық, шақалақтың денесі былтыр қараша айында «Әуежай» ауданындағы қоқыс жәшігінен табылды. Қара сөмкеге салынған сәбиді аула сыпырушысы аңғарып қалып, полиция шақыртқан. Баласын тастап кеткен көкек ана Қостанайда аз емес. Соңғы жылдары ғана облыста  осындай үш жантүршігерлік жағдай тіркеліп отыр. Тас жүрек аналардың бірі баласын құдыққа тастап кетсе, енді бірі нәрестесін молаға қалдырып кеткен.

З. Санай