Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Алматы облысының Алакөл аудандық ауруханасы екі жедел жәрдем көлігімен толықты

AstanaTV
07.07.2020ж. 20:00
3266
Алматы облысының Алакөл аудандық ауруханасы екі жедел жәрдем көлігімен толықты

Астана күнін аймақтар да атап өтті. Мейрамда Алматы облысына қарасты Алакөл ауданына 2 жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды. Шара барысында 'Nur Otan' қатарына кірген бір топ жасқа партия билеті табысталып, бір ерікті «Халық алғысы» төс белгісімен марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біргеміз қорының атынан біздің Жетісу өңіріне 40 мыңнан астам адамға 2 млрд.тан астам қаражат төрт толқынмен бөлінді. Бұл жерде біздің барлық қала, аудандарымыз қамтылды. Жеті санаттағы мұхтаж адамдарға тізім жасалынып, солардың барлығына аталған қаражат толығымен таратылып берілді.

Ал, Талдықорғандағы облыстық ауруханаға су жаңа реаномобиль берілді. Ол, жергілікті кәсіпкерлер көмегімен алынған. Қапшағайдағы орталық ауруханаға болса, көлікпен бірге құны 8 млн. теңгелік 1900 экспресс тест табысталды. Ал, Еңбекшіқазақ ауданындық ауруханасына болса 53 млн. теңгелік жылжымалы зертхана сатып алынды.

А. Кемелжан