$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирус жұқтырғандарға антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды,- дәрігер

AstanaTV
08.07.2020ж. 20:00
2538
Коронавирус жұқтырғандарға антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды,- дәрігер

Коронавирус жұқтырғандарға антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды. Оның адам ағзасына кері әсері болуы мүмкін. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева осыны ескертті. Сондай-ақ, ауыр инфекцияларда пайладаланылатын резервті дәрі-дәрмек те емделушінің жағдайын нашарлатуы ықтимал. Бұл ретте учаскелік дәрігерге немесе сала мамандарына жүгіну керектігін баса айтты.

Раушан ҚАРАБАЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР:

Қазіргі уақытта КВИ-ге шалдықандар еш қадағалаусыз дәрі-дәрмектер мен екпелер қабылдап жатқанын байқадық. Ол ағзаның иммундық жауабын қалыптастыруға қажетті ішек микрофлорасын бұзады. Сәйкесінше, пациенттің иммунитеті одан әрі төмендей түседі. Одан бөлек, қажетсіз антибиотикті тұтыну - микроорганизмдерді бактерияға қарсы заттарға тәуелді  және төзімді етіп, антибиотикті сезбейтін микроағзалар штаммы пайда болады.

Жұқпалы індет адам, жас, тіпті ұлт таңдамайтынын көзбен көріп те жүрміз. Билік басындағы шенділердің өзі жұқтырып, кейбірі ауруханада жатыр. Солардың бірі - Алматы облысының әкімі - Амандық Баталов. Тура үш апта бұрын аймақ басшысы ковидқа тапсырған тесттің оң нәтиже көрсеткенін айтып, өзін оқшаулаған болатын. Алайда, денсаулығы оңала қоймаған соң Нұр-Сұлтандағы емдеу мекемелерінің біріне жатқызылыпты. Оны әкімнің орынбасары растап отыр.

Батыржан БАЙЖҰМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Амандық Ғаббасұлы қазіргі таңда емделуде. Тыныс алуы қиындап, жүрек жетіспеушілігіне байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталығына жатқызуға шешім қабылдады. Денаулық жағдайы жақсы. Сондықтан Амандық Баталов жақын арада жұмысқа кірісетін болады.

Коронавирус пен қатар жүрген пневмания ақ халаттыларды да аямады. Осы дерттен маусым-шілде айларында Шымкенттегі 9 дәрігер көз жұмған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, роликте көрсетілген медицина қызметкері мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында көз жұмды. Марқұм дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және т.б. жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екі жақты пневмония себеп болған.

Иә, COVID-19 біраз адамды о дүниелік етті. Арасында белді қоғам қайраткерлері, сахна саңылақтары, білім саласында өшпес із қалдырған азаматтар да бар. Бүгінгі таңда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, кино актері Дархан Дайырбек келмеске кетті. Бейресми деректерге қарағанда ол да коронавирустан қайтыс болған. Министрлік ұсынған сандық мәліметтерге назар салсақ. Өткен тәулікте 1300-ден астам  адамнан кесел анықталды. Науқастардың саны осылайша, 51 мыңнан асып отыр. 17 мыңға жуық адам жазылып шықты. Жақыныңызға жанашыр болыңыз.

А. Данияр