$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда қоғамдық моншалар карантинге қарамастан жұмыс істеген

AstanaTV
08.07.2020ж. 20:00
1529
Павлодарда қоғамдық моншалар карантинге қарамастан жұмыс істеген

Павлодарда карантиндік шектеулерді ескермейтін мекеме көбейді. Олардың арасында қоғамдық моншалар да бар. Мұны құзырлы органдар арнайы жүргізген рейд кезінде анықтап отыр. Павлодарлық полицейлері соңғы айда осыған ұқсас 28 дерек анықтаған.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Карантин талаптарын бұзғандарға хаттама толтырып, істі сотқа жолдадық.  Бақылау топтары қазіргі күнге дейін 300-ден аса нысанға тексеру жүргізді.


Күшейтілген карантин басталғалы бері өңірде 89 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде карантин талаптарын сақтамаған 16 дәмхана мен мейрамхана, 49 дүкен бар.

Ө. Қуанар